1. Қоса берiлiп отырған "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi бекiтiлсiн.
2. "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiн бекiту туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 16 ақпандағы № 2855 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4906 тіркелген, 2015 жылғы 11 наурыздағы № 10 "Кызылорда Таймс", 2015 жылғы 12 наурыздағы № 19 "Ақмешіт апталығы" газеттерінде және 2015 жылғы 12 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Шәменовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 17 мамырдағы № 5357 қаулысымен бекiтiлген |
"Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (әрi қарай - Бөлiм) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қоры саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. Бөлiмнiң мынадай ведомстволары бар:
1) Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қызылорда су жүйесi" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны;
2) "Тұрғын үй Қызылорда" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
3) "Қазақстан Республикасының бiрiншi Президентi атындағы паркi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
4) "Қызылорда Сыр суы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
5) "Қызылорда тазалығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
3. Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлiм - мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлiм азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Бөлiмге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлiм өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлiм басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Бөлiм құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесi №16.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже Бөлiмнiң құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлiмнiң қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. Бөлiм кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлiмнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. Бөлiмнiң жұмыс режимi:
1) Бөлiмнiң жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат жұмыс iстейдi;
2) Бөлiмнiң жұмыс уақыты жергiлiктi уақыт бойынша сағат 09.00-де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейiн үзiлiс;
3) Бөлiм сенбi және жексенбi күндерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген мереке күндерi жұмыс iстемейдi.
Егер Бөлiм заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Бөлiмнiң негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
15. Бөлiмнiң миссиясы:1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру.
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау жүргізу.
16. Бөлiмнiң мiндеттерi:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау;
3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi;
6) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын дамытады;
7) тұрғын үйдi (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;
8) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерi бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттiк бақылау функцияларын жүзеге асыру;
9) тұрғын үй қорын сақтау және тиiсiнше пайдалану жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
10) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектiсiн басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиiсiнше пайдалану жөнiндегi қызметiн бақылау жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру;
11) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
17. Бөлiмнiң функциялары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы iс-шараларды облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгiзудi қамтамасыз етедi, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында ақпараттық қызметтi жүзеге асырады;
2) қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
3) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
4) көркейту, көгалдандыру саласындағы жұмыстар (алаңдар, фонтан, сквер, суарылатын каналдар, көше жарығы жұмыстары) оларды күтiп ұстау және пайдалану;
5) көшенi және сәндiк-қызметтiк жарықтандыру желiлерiн күту және жөндеу;
6) канализациялар, суағарлар желiлерiн жөндеу;
7) арықтар мен каналдарды жөндеу, күтiп ұстау;
8) саябақтарды, скверлердi, гүлзарларды, фонтандарды жөндеу және ұстау;
9) ескерткiштердi, скульптураларды, сынтастарды жөндеу және ұстау;
10) қалалық қорымды және жерлеу орындарын күтiп ұстау, туысы жоқтарды жерлеу;
11) көше бойындағы ағаштарды күтiп ұстау, жаңадан берiлген көше аттарын iлу;
12) қаланы мерекелiк шараларға безендiру;
13) қаланың даңғылдары мен көшелерiн күту және көркейту, жүретiн жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргiншiлер жолдарын және қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету;
14) мемлекеттiк тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердiгерлiк ұйымдар жұмыстарын бақылау;
15) жабын материалдарына қарамастан жол құбырларын, арық желiлерiн күтiп-ұстау және оларды қайта жарақтандыру;
16) саябақтар, скверлер, көше желектерi, қорғанышты жасыл аймақты күтiп-ұстау, оларды қайта жарақтандыру және кеңейту, көгалдар мен гүлзарларды бөлу, күркелер, қоршаулар, жаяу жүргiншiлер жолдары, билбордттар, бордюрлар, аяқ су лотоктары, аялдамалар, аллеялар, ортақ пайдаланылатын жасыл желек алаңдары, пандустар, фонтандардың, бассейндердiң тiрек қабырғаларын, аялдамаларды күтiп-ұстау, скульптураларды, орындықтарды, гүл құмыраларын, көлеңкелi қалқаларды және басқа шағын саулет үлгiлерi элементтерiн, көшелер мен жасыл алқаптарда қоқыс салатын сауыттарды орнату, бау-бақша-саябақ шаруашылықтарында, гүл шаруашылығы мен питомниктер жерлерiнде суару құбырларын, ауыз су фонтандарын және саябақтарды, скверлердi, көшелердi, жолдарды, алаңдарды, жағалауларды көркейту және көгалдандыру, қажеттi ғимараттарды, шаруашылықты күтiп-ұстау (тұрғын үйлерден басқа) және алаңнан тыс инженерлiк желiлердi күтiп-ұстау;
17) санитарлық тазалау, жылжымалы биодәретханалар алу және орнату;
18) коммуналдық кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн және елдi - мекендердi көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi жұмыстарды атқаратын ұйымдар, автомобиль көлiгi үшiн механизмдер, құрал-жабдықтар (соның iшiнде монтажды қажет ететiн), арнайы машиналар мен жабдықтар алу;
19) қорымдарды кеңейту және сумен жабдықтауды, көгалдандыруды, қорымдарға баратын жолдарды орнатуды қоса отырып көркейту;
20) осы тiзiмде көрсетiлген обьектiлердi жөндеудегi және жарақтандыруға арналған жобалау-сметалық құжаттарды әзiрлейдi, тиiстi қызметтермен бiрлесе отырып тұрғын үй қорының, оның инженерлiк құрал жабдықтарының, техникалық жағдайын, өз құзыры шегiне қызметтерi мемлекеттiк мекемеге жүктелген қолданыстағы нормативтiк - техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтiп ұстау мен жөндеу жөнiндегi кешендi шаралардың уақытылы орындалуын бақылау;
21) жер қазу жұмыстарына - ордер беру;
22) құраған ағаштар мен бұтақтарды кесу, балақтау, жасыл желектердi көшiрiп егу жұмыстарына рұқсат беру;
23) мемлекеттiк мұқтажы үшiн жер телiмдерi мен онын үстiндегi жылжымайтын мүлiктердi сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру;
24) кондоминиум объектiсiнде және үйдiң маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншiк иесiнiң ортақ мүлкiн қолдану, күтiп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртiбiнiң сақталуына;
25) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтiн аспаптардың болуына;
26) кондоминиум объектiсiндегi үй-жай меншiк иелерiнiң ортақ мүлiктiң және оның инженерлiк жабдықтарының техникалық жай-күйiне, қолданыстағы нормативтiк-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтiп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
27) қабылданған шешiмдердi және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi нұсқаманы орындауға;
28) кондоминиум объектiсiне техникалық паспорттар дайындау жөнiндегi шығыстарды өтеудi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi;
29) коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi азаматтардың меншiгiне берудi жүзеге асыру;
30) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн техникалық зерттеудi ұйымдастыру;
31) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзудiң тiзбесiн, мерзiмдiлiгiн және кезектiлiгiн айқындау;
32) кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған, тұрғын үй көмегiнiң қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келiсу;
33) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерi бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөнiндегi комиссияларға қатысу;
34) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды және жауап бередi.
18. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны:
1) электр энергиясын өндiру және көтерме бағамен сату;
2) жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау;
3) оттегi өндiру және тарату;
4) электр станциясын пайдалану және қысыммен жұмыс жасайтын қазандарын, сауыттарын, құбыр жүйелерiн жөндеу;
5) электр қуатын подстанция арқылы тасымалдау;
6) электр энергиясын бөлшектеме тұтынушыларға қайта сату мақсатында сатып алу;
7) тұрғын үй өжiре жайларында орналасқан жылу жүйелердiң жылу сауыттары мен құбырларды және (магистралдық, тартқыш) құбырларды капиталдық, орта және ағымды жөндеуден өткiзу;
8) электр және жылу энергетика саласындағы технологиялық байланыстармен реттелетiн барлық қызмет түрлерi;
9) қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, түтiктердi және құбырлар мен жылу жүйелерiн жасап дайындау, жөндеу және пайдалану;
10) жылу қуатымен қамтамасыз ететiн нысандарды және жылу жүйелерiн салу, солардың нобайларын және жобалау-сметалық құжаттарын жасау;
11) жылу қуатымен қамтамасыз ететiн нысандардың, қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтардың, түтiкшелердiң және құбырларды, сонымен бiрге жылу жүйелерiнiң құрылысын, жөндеуiн және қайта жаңғыртуын техникалық сүйемелдеу мен техникалық қадағалау.
19. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қызылорда су жүйесi" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны:
1) тұтынушыларды стандарт талаптарына сәйкес сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
2) су, кәрiз жүйелерiн пайдалану, жоба жасау, кеңейту мен жаңғырту, жаңа технологиялар өндiру және әр түрлi жобаларды енгiзу жұмыстарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi;
3) заңды және жеке тұлғалармен қызмет көрсету бағытында келiсiм-шарттар жасау (су жүйелерi және канализация);
4) шығын сулардың барлық көлемiн есепке алу, сараптама жүргiзу;
5) су жүйелерiндегi ақауларды уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргiзедi;
6) барлық тұтынушыларға белгiлi ауыз су мен кәрiз су мөлшерiн бекiту, ауыз суды үнемдеп, дұрыс пайдалану жөнiндегi iс-шараларды дайындау;
7) су жүйелерiнiң, құбырлардың және су қоймаларының, сыртқы инженерлiк желiлер мен құрылыстарды және iшкi инженерлiк жүйелердi, конструкциялар мен жабдықтарды коррозиядан қорғау жағдайына тексеру жүргiзедi, сондай-ақ берiлетiн судың сапасына есеп жүргiзу;
8) суды пайдаланғаны үшiн алымдарды жинау және құбырлардың ағымдағы және күрделi жөндеулерiн уақытылы жүргiзу;
9) жаңа құбырлар желiлерiн жүргiзу жөнiндегi құрылыс, жер жұмыстары;
10) көп пәтерлi тұрғын үйлердi, тұрғын үйлердi тұрғын-эксплуатациялық қызмет көрсету және кондоминиум объектiлердi басқару.
20. "Тұрғын үй Қызылорда" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi:
1) көп пәтерлi тұрғын үйлердi күтiп ұстау қызметiн жүргiзу;
2) инженерлiк коммуникацияларына жөндеу жүргiзу;
3) көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аумақтарын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру қызметтерiн жүргiзу;
4) қала аумағында абаттандыру;
5) қала көшелерiне санитарлық тазалау және көгалдандыру;
6) қала аумағындағы автотұрақтарға қызмет көрсету жұмыстары.
21. "Қазақстан Республикасының бiрiншi Президентi атындағы паркi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi:
1) инжинирингтiк қызметтер керсету кезiнде парк орынын санитарлық тазалау, су жолдарын жаңадан жүргiзу, көгалдандыру, каналдар қазу, тағы басқа да инжиниринг қызмет керсету;
2) парктi көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жоба шешiмдерiн сақтай отырып, құрылыс нормаларымен ережелерiне сай техникалық-экономикалық қызмет көрсету;
3) жоғарғы органдар бекiтетiн құн-жобалар, парктi құрудың бас жобаларымен, парктiң инженерлiк және жер шаруашылық қалпын орналастыру, жобаларына қорытынды дайындау, жобалар жұмыстарына тапсырыс беру;
4) парктiң көркейту жұмыстарын, канал, қарықтар қазу жұмыстарынан кейiн жол және топырақ қабаттарын уақытында қалпына келтурiдегi жұмыстар қызметiн көрсету;
5) құрылыс жобасын дайындау;
6) механизмдердiң қызметi;
7) құрылыс-монтаждау жұмыстарды жүргiзу;
8) сыртқы инженерлiк жүйелерiн салу;
9) iшкi инженерлiк жүйелерiн орналастыру жұмыстары;
10) жер талабын нормаға келтiрiп тегiстеу және плантажный соқамен айдау, дизель агрегатымен тамырларды тазалау;
11) схемаға сәйкес егiлетiн ағаштарға арнайы питомник ұйымдастыру;
12) iшкi, сыртқы жарығына құжаттар дайындау;
13) коммерциялык-делдалдық қызмет;
14) сыртқы-экономикалыққызмет;
15) құрылыс-монтаж жұмыстары.
22. "Қызылорда Сыр суы" жауапкершiлiгi серiктестiгi:
1) Қызылорда қаласының елдi мекендерге су шаруашылығын және кәрiз жүйелерiнiң қызметiн көрсету;
2) Қызылорда қаласының ауылдық елдi мекендерге суды есептеудiң жеке аспабын орнату.
23. "Қызылорда тазалығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi:
1) коммуналдық меншiк болып табылатын айыппұл автотұрақтар қызметiн атқаруды ұйымдастыру.
24. Бөлiмнiң құқықтары:
1) Бөлiмнiң құрылымындағы инженерлiк-коммуникация және энергетика, көркейту-көгалдандыру секторларының жұмысын ұйымдастыру;
2) азаматтардан, кәсiпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Бөлiмге жүктелген жұмыстарды орындау үшiн қажеттi мәлiметтердi, анықтамаларды, құжаттарды сұрауға және алуға;
3) Бөлiм функцияларымен талапкер ретiнде сотта талап-арыз беруге, наразылық бiлдiруге;
4) бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi бақылау объектiлерiнен сұратуға және белгiленген мерзiмде алуға;
5) Бөлiм заңды тұлғамен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның заңды тұлға мен тиiстi саланың уәкiлеттi органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледi.
3. Бөлiмнiң қызметiн ұйымдастыру
25. Бөлiм басшылықты Бөлiмгежүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.26. Бөлiмнiң бiрiншi басшысын қала әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
27. Бөлiмнiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
28. Бөлiмнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) Бөлiмнiң басшысы қызметкерлерiнiң құқықтық-сыбайлас және құқықтық бұзушылықтарға дербес жауап бередi;
2) өзiне бағынысты қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiлiктерiн айқындайды;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Бөлiмнiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
4) Бөлiмнiң актiлерге қол қояды;
5) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес Бөлiм барлық мемлекеттiк органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
6) Бөлiмнiң құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша барлық кәсiпорындар, ұйымдар мен бөлiмшелерге ұсыныстар мен тапсырма бередi;
7) Бөлiм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлiмнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлiмнiң қызметкерлерiн марапаттайды және тәртiптiк жазалар қабылдайды;
10) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
11) тексеру жүргiзген уақытта қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде тексерiлетiн объектiге баруға;
12) тексеру жүргiзу кезiнде кез келген қажеттi ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың тұпнұсқасымен танысуға құқығы бар;
13) тексерудi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзуге;
14) тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерiлетiн объектiнiң белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;
15) тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған құжаттар мен мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге;
16) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстау ережелерiнiң бұзылуы туралы актiлер жасауға;
17) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстау ережелерiн бұзушылықтарды жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқама шығаруға мiндеттi;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.
Бөлiмнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
29. Бөлiмнiң аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлiм басшысы басқарады.
4. Бөлiмнiң мүлкi
30. Бөлiмнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.Бөлiмнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
31. Бөлiмге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлiм, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Бөлiмдi қайта ұйымдастыру және тарату
33. Бөлiмдi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Бөлiмнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны;
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қызылорда су жүйесi" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны;
"Тұрғын үй Қызылорда" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
"Қазақстан Республикасының бiрiншi Президентi атындағы паркi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
"Қызылорда Сыр суы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
"Қызылорда тазалығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.