"Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 2906 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 4909 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 5283 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 5283 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса беріліп отырған "Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      Қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Н.Ахатовқа жүктелсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "23" ақпандағы №2906
қаулысымен бекітілген

"Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ауыл шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.
      3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, №16.
      Бөлімнің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер жергілікті бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Бөлімнің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Бөлімнің миссиясы: ауыл шаруашылығын дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      15. Бөлімнің мiндеттерi:
      1) өндiрiлген өнiмнiң сапасын және бәсекеге қабілеттілігiн арттыру жағдайында агроөнеркәсiптiк кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретiнде жүзеге асыру;
      2) тұқым шаруашылығын дамыту;
      3) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
      5) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
      6) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің және биопрепараттардың құнын арзандату;
      7) ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;
      8) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көп жылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
      9) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
      10) жеке және заңды тұлғалардың Бөлімге жолдаған өтініштерін қарау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайлармен тәртіппен оларға жауаптар беру;
      11) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады;
      16. Бөлімнің функциялары:
      1) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;
      2) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      3) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің өнiмiне жарнамалық қолдау көрсету;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар ету;
      7) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Бөлімнің құқықтары:
      1) қала әкімдігіне қаланың агроөнеркәсіп кешенін және ауыл аумақтарын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) жергілікті атқарушы органдардан меншік нысандарына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардан, мекемелер, басқармалар, комитеттерден бөлім құзырына кіретін сұрақтарды шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіп бойынша сұратуға және алуға;
      3) ауыл шаруашылығы техникалары мен машиналарға мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беруге, оларды тіркеуге және қайта тіркеуге;
      4) жыл сайын техникалық байқау, жүргізу куәліктерін беруге және машиналардың кепілін тіркеуге, қайта тіркеуге техникалардың сенімхат негізінде басқаруға;
      5) тіркелген техникаларға анықтамалар беруге.

3. Бөлім қызметiн ұйымдастыру

      18. Бөлім басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бiрiншi басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) Бөлім басшысы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді;
      2) өзіне бағынысты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
      3) өз құзіреті шегінде Бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда таныстыру;
      4) заңдарда белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      5) Бөліммен қабылданған актілерге қол қояды;
      6) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес Бөлімді барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады.
      7) Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелер орындауға міндетті ұсыныстар мен нұсқаулар береді, өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қабылдайды;
      10) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. Бөлімнің мүлкi

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады