Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 19.06.2019 № 240-43/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қосымшаға сәйкес қызметін Қызылорда қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 42/3 шешіміне қосымша |
Қызылорда қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшерлері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 13 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 10 |