"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 167 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ЖаңаҚызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 05 мамырдағы N 233 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 мамырда N 4991 болып тіркелді.
1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 167 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4668 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 36 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2- тармақтың 8)-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз