1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 маусымдағы № 217 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4706 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2014 жылғы 5 шілдедегі № 56-57 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2- тармақтың 8) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
кезектен тыс ХХХХІІІ сессиясының | хатшысының міндетін |
төрағасы | атқарушы |
Н. Альмагамбетов | Ө. Түктібай |