"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Қазалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 193 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4644 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран-Қазалы" газетінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 37-38 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қазалы аудандық мәслихатының регламентінде мемлекеттік тілдегі нұсқасының 7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi".
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
ХХХХVІ сессиясының төрағасы | хатшысы |
Н. Алмагамбетов | Т. Бөріқұлақов |