"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазалы ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Жарылқапқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б.Жарылқап |
Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы "06" тамыздағы № 205 қаулысына 1-қосымша |
2015 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы есебiнен мектепке дейiнгi ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
1 | Қазалы ауданы | 1750 |
Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы "06" тамыздағы № 205 қаулысына 2-қосымша |
2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерi
№ | Аудан атауы | Бiр тәрбиеленушiге бiр айда жұмсалатын шығын (теңге) | |
Балабақшалар үшiн | Шағын орталықтар үшiн | ||
1 | Қазалы ауданы | 19786 теңгеден кем емес | 11230 теңгеден кем емес |
Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы "06" тамыздағы № 205 қаулысына 3-қосымша |
2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшерi
№ | Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшерi | Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшерi |
1 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |