Әйтеке би кентіндегі кейбір көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің 2015 жылғы 06 тамыздағы N 207 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 тамызда № 5116 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 06 мамырдағы № 1 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі мынадай көшелері:
      1) "Қызыл Қазақстан" көшесі "Қожантай Досмамбетов" көшесі;
      2) "Жаңа көше" көшесі "Сыдық Байкөбеков" көшесі;
      3) "Жаңа Қазалы" көшесі "Ибайдулла Жақыпов" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары К.Иманбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      ӘКІМ С. АМАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады