Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің 2015 жылғы 27 қарашадағы N 350 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 5266 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 27 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің Жанқожа 3 километр көшесінің 20 ипотекалық үйлер орналасқан бөлігі "Плис Нұрпейісов" есімімен, Жанқожа 3 километр көшесінің сол жақ бетіндегі бірінші көшесі "Қалибек Бекетов" есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары К.Иманбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      ӘКІМ С. АМАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады