Ақтан батыр ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Көларық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы N 7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы N 5280 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 3 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Көларық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазалы ауданы, Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр ауылындағы атауы жоқ көшеге "Жұмағали Өтепбергенов" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Т.Дәрмағамбетоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкімнің міндетін атқарушы С. Умирзаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады