"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қармақшы аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 19 қарашадағы № 64 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4366 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2013 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешімінің қосымшасындағы 2 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады".
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық | Қармақшы аудандық |
мәслихатының кезекті | мәслихатының хатшысы |
41-сессиясының төрағасы | |
_____________М. Ибраев | _____________М. Наятұлы |