"Қазақстан Республикасының Жер Кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2.
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық |
Қармақшы аудандық |
мәслихатының кезектен тыс |
мәслихатының хатшысы |
42-сессиясының төрағасы |
|
__________ О. Бодыбаев |
__________ М. Наятұлы |
2015 жылғы 22 қыркүйектегі |
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінің жерлерін аймақтарға бөлу ЖОБАСЫ (СХЕМАСЫ)
2015 жылғы 22 қыркүйектегі |
Бағалау аймақтарының шекаралары
Аймақ |
Жер-кадастрлық кварталдар қиылыстары шегіндегі аймақтардың шекаралары |
Аймақ ауданы, гектар |
1 |
2 |
3 |
І |
I аймақ (012 кварталы) |
121,2 |
Аймақ шекарасы солтүстік жағы темір жолмен, батыс жағы жоғары кернеулі әуе-тоқ желісі өткен көшемен, оңтүстік және оңтүстік шығыста кенттің шекарасы арқылы өтіп темір жолға дейін. |
||
ІІ |
ІІ аймақ (012, 013 кварталдары) |
84,0 |
Аймақ шекарасы солтүстік шығыс жақтан Ыбырай Жахаев көшесі арқылы өтіп, жоғары кернеулі әуе-тоқ желісі өткен көшесімен шектеседі, шығыс жағы толығымен жоғары кернеулі әуе-тоқ желісі өткен көшесін қамтиды. Аймақ шекарасының оңтүстігі, батысы және солтүстігі кент шекарасының батыс бөлігі арқылы өтеді. |
||
ІІІ |
ІІІ аймақ (013 квартал) |
86,0 |
Аймақтың шекарасы оңтүстіктен темір жол арқылы өтіп, батыстан жоғары кернеулі әуе-тоқ желісі өткен көшемен, солтүстіктен Ыбырай Жахаев және Нұртуған жырау көшелерімен өтеді. Аймақтың шекарасы шығыстан кент шекарасының шығысы арқылы өтеді. |
||
IV |
IV аймақ (013 квартал) |
15,8 |
Аймақтың шекарасы оңтүстіктен Ыбырай Жахаев және Нұртуған жырау көшелерімен өтіп, солтүстіктен аймақ шекарасы кент шекарасының солтүстік бөлігі арқылы өтеді. |
2015 жылғы 22 қыркүйектегі |
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері
Аймақ нөмірі |
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері |
I |
2,0 |
II |
1,5 |
III |
1,0 |
IV |
0,5 |