"Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 44 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 4963 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№44 қаулысымен бекітілген

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жалағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
      3. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 01.02.2016 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 01.02.2016 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      11. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыру.
      16. Міндеттері:
      1) құрылыс саласында елді мекендердің өмір тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізу;
      2) құрылыс мекемелері мен ұйымдардың қызметтеріне мемлекеттік реттеу;
      3) аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу;
      4) аудандағы құрылыс кешенінің жағдайын талдау, даму болашағын анықтау, барлық құрылыс түрлерінің бәсекелестігін қамтамасыз ету және аудан халқына жоғары деңгейде қызмет көрсету саясатын жүргізу.
      17. Функциялары:
      1) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру; 
      2) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
      3) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзу;
      4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) елді мекендерде тіршілікті қамтамасыз ететін құрылыс мекемелері мен ұйымдардың меншік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан жұмысын реттеуді жасауға керекті ақпаратты сұрап, уақытында алып отыруға;
      алыс және жақын шетелдердің, басқа аумақтардың фирмаларымен келісім шарттарын дайындауға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс, аудан әкімдерінің кесімдері бойынша атқару құжаттарды дайындауға, құрылыс мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын тартып отырып орындалатын мәселелерді сараптама және ғылыми-техникалық үйлестіру жөнінде уақытша жұмысшы топтар мен комиссиялар құруға;
      құрылыс жобаларын іске асыруда құрылыс салу тәртібі, құрылыс жұмыстарының бекітілген құрылыс жобаларына сәйкес орындалуын қадағалауға;
      аудан аумағында құрылыс жүргізуші субъектілерден құрылыс жүргізуге дайындалған және құрылыс жүргізіліп жатқан объектілер мен кешендерді (қайта жаңғырту, кеңейту, жетілдіру, күрделі жөндеу) салуға белгіленген және салынап жатқан құрылыстардың жобалау және орындау құжаттарын алып, таныса алады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      2) жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауап беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) гендерлік теңдік саясатынан жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
      9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігімен мен оның ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады