"Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 ақпандағы № 20 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 ақпанда № 5370 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 44 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4963 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      “1. Жалпы ережелер”деген бөлімде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      “9. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).”;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      “10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3.”.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады