"Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 66 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 4970 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Дәрібаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 66 қаулысымен бекітілген

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жалағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
      “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Абай көшесі, №4.
      “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      ауданның экономикалық дамуына бағытталған жерлерді ұтымды пайдалануды, топырақ құнарлығын сақтауды және арттыруды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-шаралар кешендерімен жер ресурстарын қорғауды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      3) ауданның жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      5) мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      6) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
      7) мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;
      8) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;
      9) ауданның жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен схемаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      10) елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;
      12) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;
      13) ауданның жер балансын жасау;
      14) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;
      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;
      16) жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      17) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жердi анықтау;
      20) жердi резервке қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      22) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      3) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады;
      4) бөлім мүдделерін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;
      5) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
      6) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. “Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады