“Жалағаш аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы №29-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 мамырдағы № 44-7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 5002 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 29.06.2016 № 4-10 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. “Жалағаш аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 29-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4620 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 27 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Жалағаш аудандық мәслихатының Регламетінде:
      7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      “7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi”.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
      мәслихатының XLIVсессиясының мәслихатының
      төрағасы хатшысы
      М. ЕСПАНОВ К. СҮЛЕЙМЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады