"Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 маусымдағы № 113 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 шілдеде № 5038 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Қ.Мұстафаеваға жүктелсін.
       Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 113 қаулысымен бекітілген

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Мәдениет ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Наркескен спорт клубы” жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік (қазыналық) кәсіпорны.
      3. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жалағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
      4. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      9. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Қазыбек би көшесі, №30 “ г ”.
      11. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      15. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету, спорттық қозғалысты, салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттау және халықтың әртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
      17. Міндеттері:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      2) өз құзіреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты қамтамасыз ету;
      3) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      5) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      6) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылауды жүзеге асырады.
      18. Функциялары:
      1) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізу;
      2) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      5) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;
      6) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;
      7) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;
      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;
      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      10) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
      11) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      12) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      13) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
      14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;
      15) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
      Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Наркескен спорт клубы” жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік (қазыналық) кәсіпорнының функциялары:
      1) аудан тұрғындарының барлық топтары, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтары арасында бұқаралық және ұлттық, басқада спорт түрлерінен жарыстар, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырып өткізу;
      2) балалар, жасөспірімдер және жастар арасында спорттық туризм жарыстарын, жорықтар, экспедициялар, экскурсиялар өткізу;
      3) тұрғындардың барлық топтары, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында “Денсаулық тобын” құру;
      4) спорт түрлерінен спорт резервтерін әзірлеу, жыл бойы жаттықтыру дәрістерін өткізіп, аудан құрама командаларының оқу-жаттығу жұмыстары және оқу жиындарын ұйымдастыру.
      Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Мәдениет ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) тәрбиенелушілердің дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан қосымша білім берудің бағдарламасын жүзеге асыру;
      2) балалар мен жасөспірімдерді жүйелі түрде спортпен айналысуға тарту, спорттың белгілі бір түріне қабілетті балаларды анықтау, физикалық, моральды-жігерлік қасиетке тәрбиелеу.
      19. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      2) құзіреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
      4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      6) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      7) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      20. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      21. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      22. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      6) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      7) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      26. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Мәдениет ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Наркескен спорт клубы” жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік (қазыналық) кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады