Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 26.12.2017 № 05-16/191 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 73 аудан мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4327 нөмірімен тіркелген, аудандық "Жаңақорған тынысы" газетінің 2012 жылғы 3 қарашадағы № 90 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
1- тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жекешелендірілген тұрғынжайларды тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
3-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданы мәслихатының кезекті ХХХХІІ сессиясының төрағасы |
Ә. Нәлібаев |
Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысы |
А. Налибаев |