Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 310 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қазанда № 5177 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы мен "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог қызметкерлеріне және ветеринария саласының мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауданы
      мәслихатының кезекті ХLV мәслихаты хатшысының
      сессиясының төрағасы уақытша міндетін атқарушы
      А. Шайыхов С. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады