Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 18.04.2017 № 05-16/111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі) мен "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 90 қаулысы негізінде Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 5 (бес) есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.