Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 23.04.2018 № 221 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
3. "Жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 308 Жаңақорған аудандық мәслихаты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5186 нөмірімен тіркелген, аудандық "Жаңақорған тынысы" газетінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 86 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық | Жаңақорған аудандық |
мәслихатының кезектен тыс | мәслихатының хатшысы |
ХІІІ cессиясының төрағасы | |
Е. Ильясов | Е. Ильясов |