"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Р.Рустемов |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 212 қаулысына 1-қосымша |
2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
1 | 2 | 3 |
1 | Жаңақорған ауданы | 3310 |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 212 қаулысына 2-қосымша |
2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
№ | Аудан атауы | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге) | |
Мектепке дейінгі ұйымдар | |||
Бөбекжайлар, балабақшалар (мемлекеттік/жеке меншік) | Мектепке дейінгі шағын орталықтар | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жаңақорған ауданы | 19876 | 19876 |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 212 қаулысына 3-қосымша |
2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері | Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |