Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Күшін жойғанҚызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті әкімінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 931 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 шілдеде № 5061 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті әкімінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 86 шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 129 ұсынысына сәйкес Жаңақорған кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ малдар арасында "Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы" және "Пастереллез" ауруының анықталуына байланысты Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің аумағында шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қабылдау сұралсын.
3. Шешiмнiң орындалуын бақылау "Жаңақорған кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Қ.Ауезбековке жүктелсін.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз