"Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 сәуірдегі № 132 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 4969 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 27.05.2016 № 168 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Әжікеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 06 сәуірдегі
№ 132 қаулысымен бекітілген

"Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
      3. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырдария ауданының әкімдігі болып табылады.
      4. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      9. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілді.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д. Қонаев көшесі №9 Б үй.
      11. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      14. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) аудандағы қоғамдық саяси жағдайларға сараптама мен мониторинг жүргізу;
      2) аудан көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын мүдделі органдармен бірлесе ұйымдастыру.
      16. Негізгі міндеттері:
      1) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыру;
      2) аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша қызметін үйлестіру;
      3) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті, қоғамдық процесстерді демократияландыру мен қоғамның бірігуін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу;
      4) ауданда жүріп жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты және объективті зерделеу, жинақтау және талдау.
      17. Функциялары:
      1) әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметіне қатысады;
      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
      3) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
      4) аудандағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
      5) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Респпубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
      23. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:
      1) дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00 - де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады