"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірсерікұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |
Сырдария ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы "16" сәуірдегі №150 қаулысымен бекітілген |
"Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттің атқарылу есебі және бюджеттік есебі, коммуналдық меншікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120600, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Азатбақыт Әлиакбаров көшесі, № 20 үй.
"Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағ. 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:аудан бюджетiнiң атқарылуын талдау және ауданның коммуналдық меншiгiн басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызмет болып табылады.
Міндеттері:
1) ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
2) аудан бюджетiн қалыптастыру және оның атқару процесiн жетiлдiру;
3) аудан көлемiндегi коммуналдық меншiктi басқару, мемлекеттiк сатып алу мониторингiн жүргiзу және есебiн алу.
Функциялары:
1) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
2) аудан бюджетiнiң атқарылуына талдау жасау, аудан бюджетi жобасының негiзгi көрсеткiштерiн анықтау;
3) салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
5) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдау;
6) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзу;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалға (жалдауға), сенiмгерлiк басқаруға беру;
8) аудандық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
9) ауданның жергiлiктi атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
10) аудандық коммуналдық мүлiктi аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп беру;
11) аудандық коммуналдық мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешiм қабылдау;
12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, мүлiктiк жалға (жалдауға), өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiмдер қабылдау;
13) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастыру;
14) сенiмгерлiкпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша мiндеттемелердi орындауын бақылауды жүзеге асыру;
15) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асыру, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тарту, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу - сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
"Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады."Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
"Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
1) бөлiм қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiгiн белгiлейдi;
2) бөлiм қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiмнiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бөлiмдi бiлдiредi;
5) мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін дербес жауапкершілікте болады;
6) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
7) өз құзыретi шегiнде бұйрықтарға қол қояды;
8) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
"Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
"Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.