"Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 300 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қазанда № 5187 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 27.05.2016 № 168 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "21" қыркүйектегі
№ 300 қаулысымен бекітілген

“Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сырдария аудандық мәдениет үйі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      3. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120600, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі № 9.
      10. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағ. 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
       мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      16. Міндеттері:
      1) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;
      2) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу;
      3) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тілдердің қолдануы мен одан әрі дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
      17. Функциялары:
      1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданны мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
      4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
      5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
      6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
      7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
      8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
      9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
      10) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сырдария аудандық мәдениет үйі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының функциялары:
      1) концерттік қызметті белгіленген тәртіппен ұйымдастыру, түрлі театрлардың, көркемдік ұжымдардың және жеке орындаушылардың гастрольдерін өткізуге көмектесу;
      2) мәдени-шығармашылық қызмет туралы облыстық және аудандық бағдарламаларды, халық шығармашылығын дамыту жөнінде әдістемелік көмекші құралдар мен нұсқаулықтарды, мәдени-шығармашылық және ұйымдастыру жөнінде тәжірибелерді, мәдени-көпшілік жұмыстардың жаңа түрлері мен әдістерін тарату;
      3) Қазақстан халықтарының халық шығармашылығының дәстүрлі жанрларын насихаттау, рухани мұраларды жаңғырту;
      4) фестивальдер, конкурстар, семинарлар өткізу және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің, фотоәуесқойлардың көрмелерін ұйымдастыру;
      5) кәсіпорын мәдени және өзге де ақылы қызмет ұсыну есебінен кіріс әкелетін қызметпен айналысу.
      Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) кітапханалардың барлық білім салалары бойынша кітап қорларын толықтыру жұмыстарын, тұрғындарды кітапхана, кітапханалардың мәдени-көпшілік шараларды өткізуін ұйымдастыру;
      2) қоғамның әлеуметтік, азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыру үшін оқырмандардың ұлттық, жас ерекшеліктерін, олардың сұраныстарын есепке алып, жаңа білім алу мақсатында ақпараттық ресурстар қорын толықтыру және жаңарту;
      3) кітап қорын есепке алу, барынша пайдалану, сақтау, қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
      4) ауылдық, аудандық кітапханаларына көшпелі әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, оқырмандармен жұмыс және әдебиеттерді насихаттау мен әдістерінің жетілдірілуіне ықпал ету.
      Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының функциялары:
      1) тұрақты және жылжымалы экспозицияларды ұйымдастыру;
      2) өлке халқының тарихы мен мәдениеті жайлы ғылыми негізделген материалдарды музейлік әдістер арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу;
      3) музейде және музейден тыс экскурсиялар мен мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру;
      4) көрмелер мен музейлік мерекелерді ұйымдастыру;
      5) аудандағы сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің дамуына ықпал жасау, қолөнер шеберлері, суретшілер мен жеке коллекционерлердің шығармашылығын насихаттау.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге; 
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      3) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сырдария ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
      2) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      3) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды; 
      7) ведомостволық бағынысты мекеме, кәсіпорын басшыларын заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      8) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      9) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      10) Қазақстан Республкасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілгі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
       

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      6. “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      “Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының тізбесі:
      1. Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сырдария аудандық мәдениет үйі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2. Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3. Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады