2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 607 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 қазанда № 5160 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 08/1-3/40 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № 08/1-3/40 хатымен).
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Бекітілсін:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
       Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
       Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "18" қыркүйектегі
№ 607 қаулысына 1-қосымша

2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Аудан атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
1
2
3
1
Шиелі ауданы
3265

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "18" қыркүйектегі
№ 607 қаулысына 2-қосымша

2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері


Аудан атауы
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (Теңге)
 
 
Мектепке дейінгі ұйымдар
 
 
Бөбекжайлар, балабақшалар (мемлекеттік/жеке меншік)
Мектепке дейінгі шағын орталықтар
1
2
3
4
1
Шиелі ауданы
18392
18392

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "18" қыркүйектегі
№ 607 қаулысына 3-қосымша

2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
1
2
3
1
Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады