Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/312 "Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2015 жылға арналған әлеуметтік мәні бар облысішілік залалды маршруттар тізбесін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/359 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде № 2657 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1014 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/312 «Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2015 жылға арналған әлеуметтік мәні бар облысішілік залалды маршруттар тізбесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2589 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2015 жылға арналған әлеуметтік мәні бар облысішілік залалды маршруттар тізбесі мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. «Ақтау – Қызылтөбе – Батыр – Ақтау» маршруты».
      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                         Қ. Дербісов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ө.C. Бисақаев
      27 ақпан 2015 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады