РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1014 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2015 жылға арналған әлеуметтік мәні бар облысішілік залалды маршруттар тізбесі бекітілсін.
2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Сарман
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ө.C. Бисақаев
11 желтоқсан 2014 жыл
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 21/312 шешіміне қосымша
Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2015 жылға арналған әлеуметтік мәні бар облысішілік залалды маршруттар тізбесі
Ескерту. 4 - тармақпен толықтырылды- Маңғыстау облысытық мәслихатының 27.02.2015 № 22/395(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен.
1. «Ақтау – Форт-Шевченко – Ақтау» маршруты
2. «Ақтау – Құрық – Ақтау» маршруты
3. «Ақтау – Жетібай – Ақтау» маршруты
4. «Ақтау – Қызылтөбе – Батыр – Ақтау» маршруты