Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектігі бар адамдарға және соларға теңестірілген тұлғаларға амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/350 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде № 2659 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы мәслихатының 09.12.2022 № 16/180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы мәслихатының 09.12.2022 № 16/180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы мәслихатының 09.12.2022 № 16/180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Дербісов

Облыстық


мәслихат хатшысы

Б. Жүсіпов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Р.Ф. Бектубаев

      27 ақпан 2015 жыл.

      "Маңғыстау облысының экономика

      және бюджеттік жоспарлау

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      И.И. Құрман

      27 ақпан 2015 жыл. Ор

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 22/350 шешімімен бекітілген

Ұлы Отан соғысының қатысушылары,мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы мәслихатының 09.12.2022 № 16/180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аурулардың атаулары

Дәрілік заттардың атаулары

1

Көз аурулары (катаракта, глаукома, конъюктивит)

витаминды көз тамшылары;
ісіп қызаруға қарсы көз тамшылары;
көз майы

2

Психикалық, неврологиялық аурулар (деменция, Альцгеймер ауруы)

галантамин;
мемантин;
донепезил

3

Ас қорыту мүшелерінің аурулары (асқазан ауруы, дуоденит, панкреатит, өт шығару жолдарының дискенезиясы)

антацидтер (алюмини магний гидрототығы, висмута рикалиядицитрат, фамотидин, омепразол);
құсыққа қарсы препараттар (домперидол, метаклопрамид);
спазмолитиктер (дротаверин, платифиллин);
іш жүргізетін (лактулоза, бисакодил);
ферменттер (панкреатин);
гепатопротекторлар (урсодезоксихол қышқылы, эссенциале, аргин);
жел қуатын құралдар (симетикон)

4

Тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктотикалық ауру)

муколитиктер (амброксол, бромгексин, ацетилцистеин);
назальды препараттар (нафазолин, бекламетазон)

5

Урологиялық аурулар (қуық асты безінің аденомасы, цистит)

гидрохлортиазид;
этакрин қышқылы;
тамсулозин

6

Тері аурулары (дерматит, экзема, псориаз, микозы)

клотримозол;
миконазол;

7

Қабынуға қарсы және қышуға қарсы дәрмектер

бетамезон;
мометазон;
гидрокортизон

8

Медициналық мақсаттағы бұйымдар

катетерлер;
жіңішке таяқ;
нәжіс сауыты;
зәр сауыты

9

Тісті протездеу

протез, имплант

10

Естуді протездеу

есту аппараты

11

Көзілдірік оптикасы

көзілдіріктер, жиектеме, әйнек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады