Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Маңғыстау облыстық мәслихатының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/350 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2659 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектігі бар адамдарға және соларға теңестірілген тұлғаларға амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы";
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев
2022 жылғы 9 желтоқсандағы | |
№ 16/180 шешіміне қосымша | |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2015 жылғы 27 ақпандағы | |
№ 22/350 шешімімен бекітілген |
Ұлы Отан соғысының қатысушылары,мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі
№ | Аурулардың атаулары | Дәрілік заттардың атаулары |
1 | Көз аурулары (катаракта, глаукома, конъюктивит) |
витаминды көз тамшылары; |
2 | Психикалық, неврологиялық аурулар (деменция, Альцгеймер ауруы) |
галантамин; |
3 | Ас қорыту мүшелерінің аурулары (асқазан ауруы, дуоденит, панкреатит, өт шығару жолдарының дискенезиясы) |
антацидтер (алюмини магний гидрототығы, висмута рикалиядицитрат, фамотидин, омепразол); |
4 | Тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктотикалық ауру) |
муколитиктер (амброксол, бромгексин, ацетилцистеин); |
5 | Урологиялық аурулар (қуық асты безінің аденомасы, цистит) |
гидрохлортиазид; |
6 | Тері аурулары (дерматит, экзема, псориаз, микозы) |
клотримозол; |
7 | Қабынуға қарсы және қышуға қарсы дәрмектер |
бетамезон; |
8 | Медициналық мақсаттағы бұйымдар |
катетерлер; |
9 | Тісті протездеу | протез, имплант |
10 | Естуді протездеу | есту аппараты |
11 | Көзілдірік оптикасы | көзілдіріктер, жиектеме, әйнек |