Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 99 қаулысы. Маңғыстау облысы әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 2717 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.05.2016 № 125 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін.
      1)Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.10.2015 № 317қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 297 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2581 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      2-бөлімінің 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру – 30 (отыз) минут.".
      Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.10.2015 № 317 қаулысымен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
       2. "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      13 сәуір 2015 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады