Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 105 қаулысы. Маңғыстау облысы әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда № 2718 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 30 шілдедегі 2024 жылғы № 131 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.07.2024 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (З.Ж. Тастемірова) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

А. Айдарбаев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      З.Ж. Тастемірова

      15 сәуір 2015 жыл.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 сәуір
№ 105 қаулысымен бекітілген

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.

      2. Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары меншіктің барлық нысандарындағы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптеме қағидасын әзірлеу мен бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

      3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының педагогы мен өзге де қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.

      4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымы қызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен ережесімен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі

      5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидасында:

      білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынасы;

      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;

      білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жағдайлары;

      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, сабақтардың арасындағы үзілістер;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы көзделуі тиіс.

      6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидасына қолжетімділігін және таныстырылуын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады