"Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 112 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда № 2719 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына және "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.03.2016 № 74 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Г.Б. Төлеуғалиева):

      осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

      мемлекеттік мекеменің Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) облыстың коммуналдық меншіктегі объектілер тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

А. Айдарбаев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      қаржы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      М.Б Әлібекова

      16 сәуір 2015 жыл

      "Маңғыстау облысының

      Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Г.Б. Төлеуғалиева

      16 сәуір 2015 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 112 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереженің күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады