Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 112 "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 74 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 3011 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 112 "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2719 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 сәуірде "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 тармағында:
      "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) қазақ тіліндегі атауына өзгеріс енгізілген, орыс тіліндегі атауы өзгермейді.
      2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекеменің ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
      3. Мемлекеттік мекеме (Г.Б. Төлеуғалиева):
      осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік мекеменің Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне тиісті өзгеріс енгізсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М.Б. Әлібекова
      "24" наурыз 2016 жыл
      
      "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту,
      мұрағаттар мен құжаттама басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г.Б. Төлеуғалиева
      "24" наурыз 2016 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы "24" наурыздағы
  № 74 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының аумағында тіл саясаты, архив ісі және құжат жасау салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау
      облысы, 130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан, № 87 ғимарат.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление по развитию языков, архивов и документации Мангистауской области".
      10. Осы Ереже "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы өңірде мемлекеттік тіл саясатын және архивтік істер мен құжаттар құруда біртұтас мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, мемлекеттік тілге басымдық бере отырып, Маңғыстау облысының аумағында архивтік қорлардың сақталуын, толықтырылуын, есепке алынуын, қорғалуын және оларды пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
      14. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да тілдерді қолдану мен дамыту, архивтік істер мен құжаттар құру саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру, Маңғыстау облысы аумағында жергілікті атқарушы органдармен тіл және архивтік істер мен құжаттама саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша іс-қимыл жасау болып табылады.
      15. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) орталық атқарушы органдардың бөлімшелерінің және аудандық
      атқарушы органдардың "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан
      Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      3) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
      4) өңірдегі тіл саясатының жай-күйіне мониторингін жүзеге асыру, "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
      5) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік, ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеу және оларды тәжірибеде іске асырудың шараларын қабылдау;
      6) тілдерді дамыту, архив ісі және құжат жасау бойынша өңірдегі мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, олардың қызметіне көмек көрсету;
      7) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
      8) тіл саясаты мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
      9) жұмыста жариялылықты қамтамасыз ету, тіл саясаты саласында Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы жөніндегі істің жай-күйі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын үнемі хабардар ету;
      10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестесін әзірлеу;
      11) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
      12) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
      13) ақпарат желісін құру бойынша жұмыс жүргізу және облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
      14) Маңғыстау облысының тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
      15) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;
      16) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
      17) облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру
      көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық – әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;
      18) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
      19) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтерді енгізу;
      20) мемлекеттік архив құжаттары көшірмелерінің сақтандыру қорын құру, автоматтандырылған архив технологияларын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      21) облыстың мемлекеттік архив желілерін басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын іске асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:
      1) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан ақпаратты сұратуға;
      2) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігіне, қалалық, аудандық жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізуге;
      3) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнаманың сақталуы мәніне тексеруді жүзеге асыруға;
      4) ведомствосына қарасты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
      5) архивтердің жұмысы және құжат жасаудың жай-күйі мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
      6) архив ісі мен құжат жасау саласында консультация, проблемаларды зерделеу және шешу үшін, сондай-ақ құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысуы үшін ғалымдарды, мамандарды және сарапшыларды тартуға;
      7) белгіленген тәртіппен ерекше құнды және бірегей архивтік құжаттарға қатыстылығын айқындауға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот органдарына талап қоюды беруге;
      9) өз құзыреті шегінде ведомствосына қарасты ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыруға;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
      құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      17. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
      2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;
      3) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын сақтауларын қамтамасыз етуге;
      4) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
      2) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу бойынша шаралар
      қолданады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
      5) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
      6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
      8) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;
      9) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
      10) "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      22. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Алқа құрылады.
      24. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанында құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық архив қоры құрамынан шығарып тастау бойынша құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жүргізу үшін сараптау-тексеру комиссиясы жұмыс істейді.
      25. Алқаны, сараптау-тексеру комиссиясын құру мен құрамын өзгерту "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.
      Сараптау - тексеру комиссиясы туралы ереже Маңғыстау облысы
      әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
      Алқа туралы ереже "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер
      мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының
      бұйрығымен бекітіледі.

4. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      26. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      27. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      28. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. "Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.

6. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      31. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
      32. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

"Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Жаңаөзен қаласының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Бейнеу ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Қарақия ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "Маңғыстау ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Мұнайлы ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Түпқараған ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жеке құрам бойынша Ақтау филиалы.
      _____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады