РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ө.С. Бисақаев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Ө.С.Бисақаев
15 сәуір 2015 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуір № 104 қаулысымен бекітілген |
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5, 13 - баптарына сәйкес әзірленді және облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу тәртібін айқындайды.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
2) ақылы жүруді ұйымдастыру – қазіргі заманғы ақы төлеу тәсілдерін, автокөлік құралдарының габариттерін, салмағын айқындайтын техникалық құралдарды пайдалану арқылы ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өту үшін ақы алу процесі;
3) ақы алу пункті – ақылы автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) орналасқан, автокөлік құралдарын бақылау мен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен жабдықталған және онда автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыратын өткізу пункті;
4) POS-терминал – жүріп өту үшін ақы төлеу ретінде автоматты режимде қолма-қол ақша қабылдауды немесе төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
5) аралық шеп – автокөлік құралдарын, оның ішінде ақы алу пункттерін айналып өтіп, ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шыққан автокөлік құралдарын сәйкестендіруге және есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) бойында орналасқан техникалық құралдар;
6) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдар – техникалық құрылғы, оны пайдалану кезінде автокөлік құралы ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде ақылы автомобиль жолы (жол учаскесі) бойынша жүріп өту үшін ақы автоматты түрде жүзеге асырылады;
7) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алу тәртібі
3. Автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыру, ақылы автомобиль жолдарына кіру мен шығу жолдарында орналасқан ақы алу пункттерінде жүзеге асырылады.4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту ақылы жүруді ұйымдастырушымен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ақылы жүруді ұйымдастырушымен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт жария шарт болып табылады.
5. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерлеме бойынша алынады.
6. Ақылы автомобиль жолы (жол учаскесі) бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
7. Ақылы жүруді ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар үшін жүріп өтуге ақы төлеудің мынадай тәсілдерін қамтамасыз етеді:
1) артық ақшаны қайтарып беретін POS-терминалға қолма-қол ақшаны енгізу арқылы берілетін ақы төлеу жүргізгенін растайтын құжатпен қолма-қол ақша;
2) POS-терминал арқылы төлем карточкасынан қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы;
3) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен алдын ала ақы төлеу.
8. Ақылы жүруді ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шығу алдында ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шығу туралы ақпараттық табло орнатады. Ақпараттық таблода сондай-ақ мынадай ақпарат орналастырылады:
1) ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы мөшерлемелері;
2) жол учаскесінің ұзындығы;
3) жүріп өту үшін ақы төлеудің мүмкін болатын тәсілдері;
4) жол пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылған автомобиль жолын пайдаланушылардың тізбесі;
5) басқа да пайдалы ақпарат.
9. Ақылы жүруді ұйымдастырушының ақы алу пункттерінде өз өкілдері болады, олар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту мен ақы төлеу тәртібіне қатысты пайдаланушыларға туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме береді.
10. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыруды, ақылы жүруді ұйымдастырушы ақы алу пунктінде жол кептелістері қалыптаспайтындай етіп қамтамасыз етеді.
11. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен ақы төлеу үшін, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушылар жүрместен бұрын, алдын ала қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралды ол сатылатын жерлерде сатып алады және оны осы құралдарға қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес пайдаланады.
12. Егер ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде автомобиль жолын пайдаланушының ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, ақы төлеу үшін шотты ақылы жүруді ұйымдастырушы автокөлік құралының иесіне автокөлік құралының тіркелген жері бойынша жібереді.
13. Ақы алу пункті және/немесе аралық шеп арқылы жүріп өткен кезде ақылы жүруді ұйымдастырушы сәйкестендіруші техникалық жабдық арқылы автокөлік құралдары туралы деректерді тіркеуді және жинауды жүзеге асырады.
Мұндай деректер автокөлік құралының тіркеу нөмірлік белгісін, жүріп өту күні мен уақытын бекітетін автокөлік құралының бейнесуреті болып табылады.
14. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген деректер тиісті пайдаланушылардың ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) нақты пайдаланғанын растау және құпия ақпарат болып табылады.
Ақылы жүруді ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген деректерге үшінші тұлғалардың қолжетімділігін шектейді. Деректер ақылы жүруді ұйымдастырушының серверлік жабдығында жинақталады және бір жыл бойы сақталады.
15. Егер автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) өткен болса, мұндай көлік құралы туралы деректер аралық шептерде белгіленіп, ақы мөлшерін айқындау үшін және автокөлік құралының кейіннен ақылы автомобиль жолы (жол учаскесі) арқылы өту кезінде ақы алу үшін ақы алу пунктінің жабдығына жіберіледі.
16. Автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолынан (жол учаскесінен) шығып кеткен жағдайда, жүріп өту үшін ақы осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен автокөлік құралының иесінен алынады.
17. Автокөлік құралы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) басқа автокөлік құралын сүйреп жүріп өткен жағдайда, ақы көлік құралдарының екі бірлігінен де алынады.
18. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
жол-патруль қызметінің;
әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп тұру үшін босатылады.