Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-1 бабына және "Кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
2015 жылғы 15 сәуіріндегі № 104 "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайданылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2724 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2015 жылғы 23 мамырда жарияланған);
2015 жылғы 8 мамырдағы № 140 "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайданылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2736 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған).
2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А.К. Рзаханов) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндеттін атқарушы
Т.К. Спанов
19 ақпан 2016 жыл