Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 266 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/304 "Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селолық округын құру туралы" қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 224 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 27/413 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 қыркүйекте № 2819 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 266 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/304 "Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селолық округын құру туралы" қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2076 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2010 жылғы 25 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулы мен шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округын құру туралы";
      көрсетілген қаулы мен шешімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ақшұқыр ауылдық округі құрамынан бөліп, шекарасы Сайын Шапағатов ауылы аумағындағы, орталығы осы ауыл болатын Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округі құрылсын.".
      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев
      
      Сессия төрағасы Ә. Сахимов
      
      Облыстық
мәслихат хатшысы
Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады