Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 15.01.2019 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.З. Елемесова):
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Елтизаровқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Жаңбыршин |
Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуір № 429 қаулысымен бекітілген |
"Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
6. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, неке сарайы ғимараты.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
9. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ақтау қаласының әкімдігі болып табылады.
10. Осы Ереже "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Некені (ерлі-зайыптылықты) және отбасын, ананы, әкені және баланы мемлекеттік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;
"Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесін жүргізу;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету.
16. Функциялары:
1) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
4) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
6) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
7) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
8) ұл (қыз) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
9) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
"Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
"Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға және жүзеге асыруға;
2) осы Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
3) сотта талапкер және жауапкер болуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
"Ақау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.
3. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
2) "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
5) өз құзыретінің шегінде "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.
"Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
"Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
"Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
21. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
24. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
25. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.