Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Бейнеу аудандық 2015 жылғы 16 ақпандағы № 30/211 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 2632 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 30.10.2017 № 18/145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2318 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 51 "Рауан" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      9 тармақта:

      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) 26 сәуір – Чернобыльдағы АЭС апат күні:

      Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушы мүгедектерге – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      1986-1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушыларға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушыларға - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;";

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушы мүгедектерден басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері және ата-аналарына, сонымен қатар "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабының 3, 4 тармақтарында көрсетілген адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге;".

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (М.Тоқназаров) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту: аббревиатуралардың шешуі:

      КСР Одағы – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;

      Чернобыль АЭС - Чернобыль атом электр станция.

Сессия төрағасы,


Аудандық мәслихат


хатшысы

А.Ұлұқбанов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Б.Әзірханов

      16 ақпан 2015 жыл.

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Өмірбеков

      16 ақпан 2015 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады