Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 14.06.2016 № 182 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 332 "Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2597 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2015 жылы 29 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасына:
1 бөлімінің 2 тармағы алынып тасталсын.
2. "Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Байбосынова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А.Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия
аудандық білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Байбосынова Клара Хисаровна
23 қазан 2015 жыл