Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарақия ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 332 "Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 284 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2879 болып тіркелген, 2015 жылдың 10 желтоқсанында "Қарақия" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қарақия ауданы әкімінің аппараты (А.Таубаев) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдансын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудан әкімі | Ә.Дауылбаев |