Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 93 "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 283 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 қарашада № 2880 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.06.2016 № 166 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарақия ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 93 "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2675 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2015 жылы 23 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасына:

      1 бөлімінің 2 тармағы алынып тасталсын.

      6 бөлім келесі мазмұндағы 29 тармақпен толықтырылсын:

      "29. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомоствосының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1) Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      3) Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.".

      2. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д.Атағараев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Дауылбаев

      "Қарақия аудандық мәдениет,

      дене шынықтыру және спорт бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Атагараев Дюсенбай Айткалиевич

      23 қазан 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады