РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2813 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосындағы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылындағы» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Н.Жубаназаров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Таубаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ә. Дауылбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарақия аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Атағараев Дуйсенбай Айткалиевич
23 қазан 2015 жыл.