РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Л.Жонасов), қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын, сонымен қатар уәкілетті мемлекеттік органның интернет ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Л.Жонасовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Е.Махмутов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Маңғыстау аудандық құрылыс
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Н.Жаңбыршиев
18 маусым 2015 жыл
Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 171 қаулысымен бекітілген |
"Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау ауданды қ сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау ауданының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сай бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 130400, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Орталық алаң, 1 үй.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы: "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау ауданының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
15. Миссиясы: ауданның сәулет, қала құрылысы қызметі саласында функцияларды жүзеге асыру.16. Міндеттері:
1) толыққанды тіршілік ету ортаны қалыптастыру мақсатына сәулеттік және қала құрылысы шешімдерін әзірлеу мен іске асыру және аудан аумағын сәулеттік-қала құрылыстық дамыту мен ағымдағы және болашағы бар әлеуметтік-экономикалық кешенді міндеттерді шешуге бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жаңа және ескі құрылысты жобалау кезінде ауданның сәулеттік келбетінің сақталуын ескерумен кешенділікті қамтамасыз ету;
3) жерлерді, табиғи және материалдық ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін аудан құрылысының жаңа ұстанымдары мен тәсілдерін енгізу;
4) қоғамдық орталықтар, алаңдар, көшелер, жаяу жүргіншілер аймақтары, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық кешендердің аяқталған сәулеттік ансамбльдерін құру.
17. Функциялары:
1) ауданның заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен аудан ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) ауданның бас жоспарының жобасын, аудан шегінің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын аудандық мәслихаттың мақұлдауына ұсыну үшін әзірлеуді ұйымдастыру;
3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ аудан аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қағидаларын аудандық мәслихатпен бекіту үшін әзірлеу;
4) аудандық мәслихатқа енгізу үшін тұрғын үй қорын, өзге де ғимарат-тар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) жоспарланған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
6) базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу, заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік қала құрылысы кадастры деректерін заңды және жеке тұлғаларға ұсыну, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
7) ауданның қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын іске асыру;
8) жер учаскелерін таңдауға қатысу, ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін беру және алып қою бойынша ұсыныстар енгізу;
9) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар әзірлеу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
11) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
12) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
13) объектілерді жобалау мен құрылысын салуға сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;
14) жобалау құжаттамаларын сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы тарапына сәйкестігін келісімдеу;
15) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) мекенжайларды беру және оларды "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесіне тіркеу, оларды өзгерту және жою;
17) заңнамаға сәйкес құрылысты жобалау құжатынсыз (жобалау-сметалық) немесе жеңіл эскиздік жобалармен рұқсат берілетін объектілерді орналастыруды келісімдеу;
18) заңнамаға сәйкес бөлме-жайлар немесе құрылыстарды өзгертуге техникалық күрделі емес топтарға жатқызу шешімдерді қабылдау;
19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында олармен азаматтық құқықты жүзеге асыру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау және құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
20) сәулет-қала құрылысы кеңесін ұйымдастыру және жүргізу;
21) ауданның кезекшілік жоспарын, жер асты коммуникацияларын орналастыру жоспарларын құру мен жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
22) кадастрлық ақпаратты толықтыру, интеграциялау және сақтауды (топографиялық материалдар) және оған қолжетімділік режимді қамтамасыз ету;
23) ғимараттардың, құрылыстардың, жер асты коммуникациялар желілерінің және аумақты көріктендіру элементтерінің орындаушылық түсірмелерінің орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру;
24) ауданды сәулеттік-көркемдік ресімдеу, көріктендіру және көгаландырудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу;
25) мекеменің құзіреті шегінде аудан әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
26) барлық мемлекеттік органдардарда құзыреті шегінде мәселелерді қарауда мемлекеттің мүдделерін ұсыну;
27) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген жобалау-жоспарлау құжаттамаларын бұзумен орындалған жұмыстың кез келген түрлерінің өндірісін тоқтату туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте сәулет-құрылысты бақылау және қадағалау істері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізу;
2) сәулеттік қала құрылысы нормативтеріне және өзге де талаптарға сай келмейтін жобаларды, сәулет-жоспарлау тапсырмаларды бұзумен орындалған, және тиісті лицензиялары жоқ ұйымдар мен тұлғалармен әзірленген жобаларды келісуден бас тарту;
3) құрылыстарды, тұрғын аудандар мен аудан орталықтарын көріктендіруге, жекелей ғимараттар мен құрылыстарды салуға ең үлгілі сәулеттік және қала құрылысы идеясын анықтауға әзірленген екі нұсқадан кем емес сәулеттік маңызы бар нобайлық жоспарлау жобаларды орындау қажеттігін анықтау;
4) аудан әкімдігі мен жоғарғы ұйымдарға сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
6) әрбір нақтылы жағдайда нобайлық жобаларды әзірлеу, сәулет, қала құрылыстық маңызы бар объектілердің нұсқалы немесе конкурстық жобалау кезеңділігін анықтау, жеке жобаларды әзірлеу немесе үлгі жобаларды қолдану орындылығын, оларға қажет жағдайда өзгерістер енгізу;
7) сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету;
8) мекеме әзiрлеушi болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингiн жүзеге асыру және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.
3. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру
19. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.20. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
6) шарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;
9) қызметкерлердің іссапарларының, сынақтан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн."Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
25. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау ауданы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.26. "Маңғыстау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.