"Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 27/224 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада № 2885 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 29/254 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 13.01.2016 № 29/254 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде №10130 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Маңғыстау аудандық мәслихатының аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3, Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                         Е.Мәмбетнияз
 
      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                 Т.Қылаңов
 
 

Маңғыстау аудандық мәслихатының
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 27/224 шешімімен
бекітілген

«Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
  1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан тұрады:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалаудың нәтижелері бойынша қызметшілердің қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, қызметшіні тағылымдамадан өткізу және ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік  әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысымен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысы мен айқындалады.Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы табылады.
      Комиссия хатшысы «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады.
      Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай - ақ осы Әдістеменің 4 тармағы  2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді және бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай - ақ осы Әдістеменің 4 - тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Персоналды басқару қызметі мұндай адамдардың тізімін ( үш адамнан аспайтын ) қызметшінің лауазымдық міндеттері мен қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар Әдістеменің 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар толтырған бағалау парағы оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында  көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13 - тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы;
      b – тікелей басшының бағасы;
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»;
      21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»;
      33 балдан жоғары – «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Комиссия отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелері бекітілсін;
      2) бағалау нәтижелері қайта қаралсын.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) персоналды басқару қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20 тармағында көрсетілген құжаттар, сондай - ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

«Маңғыстау аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: ____________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
 

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)



Таныстым:

Қызметші
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________
күні__________________________
қолы _________________________

 
Тікелей басшы
(тегі, аты, әкесінің аты)
 
________________________
күні____________________
қолы____________________


«Маңғыстау аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
нысан

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты:_____________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



БАРЛЫҒЫ

(барлық бағалардың бағасы)



Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3.

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



БАРЛЫҒЫ

(барлық бағалардың бағасы)




«Маңғыстау аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
 


р/н

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға











Комиссия қорытындысы: _____________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: ________________________ Күні: ______________
(Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Комиссия төрағасы:_________________________ Күні: _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Комиссия мүшесі: __________________________ Күні: _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Комиссия мүшесі: ___________________________Күні: _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Комиссия мүшесі: ___________________________ Күні: ____________
(Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады