Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 "Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түпқараған аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 40 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 2643 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 «Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-6-131 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 наурыздағы № 13-14 (441-442 «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді:
      «Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру туралы»;
      көрсетілген қаулыға № 1 қосымша, осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      қаулының 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «2. Қала, ауыл, ауылдық округтің әкімдері, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылуын ұйымдастырсын.».
      3. «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Г. Демеуова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі                             Т. Асауов
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Түпқараған аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      Қуанбай Амалбек Жолжанұлы
      23 ақпан 2015 жыл.
 
 

Түпқараған ауданы әкімдігінің
23 ақпан 2015 жылғы № 40
қаулысына қосымша

Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1. Тақталар:

      Форт-Шевченко қаласы бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Маңғыстау облысы бойынша филиалының, Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының маңы;
      2) «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы, Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының маңы;
      3) Қалалық теміржол кассасы ғимаратының маңы (ескі автобекет);
      4) «Нұрай» дүкенінің маңы («Түпқараған электр жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы).
      Баутин ауылы бойынша:
      1) «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Баутин филиалы ғимараттарының сол жағы;
      2) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы – Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясының, Түпқараған аудандық телекоммуникациялар торабының ауылдық бөлімшесі ғимаратының маңы (почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимараты);
      3) «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Баутин филиалы ғимаратының маңы.
      Баутин ауылы Аташ елді мекені бойынша:
      1) «Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің «Аташ елді мекені. Аташ кітапханасы» бөлімшесі ғимаратының маңы.
      Ақшұқыр ауылы бойынша:
      1) «Қазпочта» акционерлік қоғамы, почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының маңы;
      2) «Ақшұқыр мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының маңы;
      3) «Малика» қосқабатты дүкенінің маңы;
      4) Шаруашылық жүргізу құқығымен Түпқараған ауданы әкімдігі жанындағы «Коммуналдық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының маңы.
      Таушық ауылы бойынша:
      1) «Таушық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және «Қазпочта» акционерлік қоғамы, почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының ортасы;
      2) «Таушық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны және «Таушық» ауыл шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ортасы.
      Сайын Шапағатов селолық округі бойынша:
      1) «Сайын Шапағатов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы;
      2) «Сайын Шапағатов селолық округінің фельдшер-акушерлік пункті» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының маңы;
      3) «№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы.

2. Тұғырлар:

      Форт-Шевченко қаласы бойынша:
      1) Ақтау қаласы жағынан кіреберістегі автожолының екі қапталы;
      2) «Түпқараған аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының маңы.
      Баутин ауылы бойынша:
      1) Түпқараған ауданы әкімі аппаратының "Ақбота" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының маңы;
      2) «Достық» қонақ үйінің маңы.
      Баутин ауылы Аташ елді мекені бойынша:
      1) Әліби Жангелдин көшесіндегі № 1 қосқабатты тұрғын үйдің маңы.
      Қызылөзен ауылы бойынша:
      1) «Ақтаукоопсауда» дүкенінің маңы.
      Таушық ауылы бойынша:
      1) «Таушық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы.
      Сайын Шапағатов селолық округі бойынша:
      1) «№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы.
      Ақшұқыр ауылы бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Маңғыстау облысы бойынша филиалының, Түпқараған аудандық бөлімшесінің, Ақшұқыр ауылындағы өкілдігі ғимаратының маңы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады