Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 12.10.2020 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 43 бабына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері ретінде сотталған тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудан аумағындағы қоғамдық орындарда жүзеге асырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы көшелер мен шағын аудандарды абаттандыру және санитарлық тазалау, жол шаруашылығы саласындағы жергілікті жолдарды санитарлық тазалау және көгалдандыру саласындағы жасыл көшеттерді отырғызу және күту, көп жылдық екпелерді күту бойынша жұмыстар белгіленсін.
2. "Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына, сондай-ақ Форт-Шевченко қаласы, Баутин, Қызылөзен, Таушық, Ақшұқыр ауылдары және Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімдеріне:
қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталушының тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй-коммуналдық, көгалдандыру, жол шаруашылықтары нысандарында атқаруды ұйымдастырсын.
3. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Демеуова):
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Асауов |