"Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 287 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда № 2968 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 19.02.2019 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ж. Агжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Ергазиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Т. Асауов


  Түпқараған ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 287 қаулысымен бекітілген

"Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Түпқараған ауданының әкімдігі "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      3. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 139920, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылдық округі, М. Елубаев көшесі, №133.

      10. Мемлекеттiк органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Сайын Шапагатов".

      11. Осы Ереже "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бюджетінен (шығындар сметасы) жүзеге асырылады.

      13. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер, "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.

2. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Миссиясы:

      ауылдық округті дамытудың мүдделері мен қажеттіліктері байланысымен атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.

      16. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірде жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;

      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірде жүзеге асыру, демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;

      4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;

      5) Қазақстан Республикасының Заңдарының, актілерінің, қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      6) ауылдық округтің экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсарту, нарықтық қатынастарды, жеке кәсіпкерлікті дамыту, републикалық, облыстық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерттеу және қорыту;

      7) аудандық және облыстық әкімдіктер мен маслихаттармен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, партиялармен, конфессиялармен және азаматтармен өзара қарым қатынастарды қамтамасыз ету.

      17. Функциялары:

      1) өтініштерді, арыздарды, шағымдарды қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

      2) маслихатқа бекіту үшін бюджеттік бағдарламаларды өңдейді және енгізеді;

      3) салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал етеді;

      4) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

      5) ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

      6) шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді;

      7) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      8) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекетті жасауды ұйымдастырады;

      10) аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      11) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      12) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      13) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-көпшілік және ағартушылық iс-шараларын ұйымдастырады;

      14) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

      15) халықтың әлеуметтiк мүжәлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

      16) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуге ықпал етеді;

      17) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді;

      18) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

      19) статистикалық және шаруашылық есебін жүргізеді;

      20) мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      21) өз құзыреті шегінде елді-мекендерді сумен жабдықтауды және су пайдалану мәселелерін реттеуді қамтамасыз етеді;

      22) ауылдық округті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      23) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      24) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      25) елді мекен жерлерінде малдарды бағу үшін орындарды анықтайды;

      26) гендерлік саясатты жүргізеді және ұйымдастырады;

      27) жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады;

      28) персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне (кадр қызметі) бағынады, кадр бойынша тиісті есептерді береді;

      29) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқару түсімдерін және шығыс қаражаты жоспарын бекітеді;

      30) бюджеттің орындалуы бойынша орталық уәкілетті органда бақылау есепшотын ашуды қамтамасыз етеді;

      31) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      32) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) береді;

      33) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

      34) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

      35) кіріс көздерін қалыптастырады;

      36) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      1) жергілікті бюджетті бекіту кезінде аудан мәслихаты сессиясының жұмысына қатысуға;

      2) мемлекеттік органдардан ауыл әкімінің құзырына жататын мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды, материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратуға және алуға;

      3) аудан әкімдігінің мәжілістеріне, аудан әкімінің жиналыстарына қатысуға;

      4) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;

      5) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      6) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;

      7) мекеменің мүддесін барлық құзыретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында білдіруге;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;

      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруға;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

3. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      19. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.

      20. Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.

      21. Ауылдық округ әкімінің өкілеттігі:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      4) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық органдарда оның мүдделерін ұсынады;

      5) шарттар жасасады, банктік есеп шоттар ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      6) сенімхаттар береді;

      7) нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      8) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      9) мекеменің қаржы, құқықтық, әкімшілік-шаруашылық және басқа да құжаттарына қол қояды;

      10) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      11) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасайды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі, орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      24. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      26. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Түпқараған ауданы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      27. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады