Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Түпқараған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Кенжалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгаливке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Хамиев |
Түпқараған ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "19" ақпан | |
№ 12 қаулысына қосымша |
Түпқараған ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №287 "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2968 болып тіркелген, 2016 жылы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №288 "Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2967 болып тіркелген, 2016 жылы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №290 "Таушық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2969 болып тіркелген, 2016 жылы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).